Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылды
Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылды
photo / Alastair Grant
352
оқылды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР конституциялық заңының жобасын қарайды, – деп хабарлайды halyq-uni.kz. Заң жобасын депутат Арман Қожахметов таныстырды. Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды қарауға кірісті.
– «Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Биыл 8 маусымдағы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескеріп, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қожахметов.