Елбасы туралы заң күшін жойса, Тұңғыш Президентке бұрынғы президенттер туралы норма қолданылатын болады

Елбасы туралы заң күшін жойса, Тұңғыш Президентке бұрынғы президенттер туралы норма қолданылатын болады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы алдағы уақытта қаралатынын мәлімдеді.

– "Егер заңды жою мәселесі көтерілсе, осы заңмен қарастырылған бүкіл иммунитетті де жою қажет болады. Ол қолданыстан шығады. Тұңғыш Президентке бұрынғы президенттер туралы норма қолданылады", – деді Мәжіліс спикері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.