Ақтөбеде таңертең жоғалып кеткен 4 жасар бала табылмай жатыр
Ақтөбеде таңертең жоғалып кеткен 4 жасар бала табылмай жатыр
Фото: Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі
799
оқылды
Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахунов табылмай жатыр. Ол бүгін таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоқ болып кетті, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Бүгін сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Оны іздеуге полициямен қатар еріктілер жұмылдырылды.
– «Бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киімі бар. Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды. Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.