Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы да ашық шабуылға ден қойды.
Зарина Толыбай әлем чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Фото: ҚР Бокс федерациясы
109
оқылды

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күні мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кешкі сессияны +80 келідегі Зарина Толыбай тәмамдап, ширек финалда Френцис Таафакимен (Тувалу) жұдырықтасты.

Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы да ашық шабуылға ден қойды. Нәтижесінде Зарина қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, 2-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.