Абақтыда терроризмді насихаттаған ер адам сотталды
Абақтыда терроризмді насихаттаған ер адам сотталды
Фото: siktivkar.bezformata.com
360
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Е.-ге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамды Қылмыстық кодекстің 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.