Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды
Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды
421
оқылды
Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды. Ондағы деректерге қарағанда, 30 қарашада Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне колледждердің бірінде терроризм актісі болатыны жайында ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, барлық ғимарат тексерілді. Ақпарат расталмады. Бұл құқық бұзушылық Талғар ауданы ПБ-да ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ол 13 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта тергеушілер кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері мен психологтардың қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.