«Әскери қызметкер күдікті ретінде танылды»: Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды
«Әскери қызметкер күдікті ретінде танылды»: Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды
Фото: smartik.ru
Жетісу облысындағы аудандардың бірінде 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды. Күдікті ретінде бөлімдердің біріндегі әскери қызметкер танылды», – деп жазды журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook парақшасында.
Аудандық білім бөлімі кәмелетке толмаған оқушының жағдайы туралы 2022 жылдың 15 желтоқсанында белгілі болғанын хабарлады.
«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауында», – деп атап өтті бөлім.