Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланып, көктайғақ болып, тұман түседі. Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстікте, облыс орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтілуде, облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын, жолдарды қар басады. 30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. 30-31 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с, 31 желтоқсанда – 25 м/с дейін жетеді. Таразда 30-31 желтоқсанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 30 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 30 желтоқсан түнінде көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда көктайғақ болып, тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні таулы асуларында 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, Түркістанда кей жерлерде тұман түседі. 30 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжануда. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстікте тұман болады.