«Агрофирма», «Родина» және «Зенченко и К» сүт өнімдерін өткізу бағасын бір мезгілде көтергендігі анықталды
«Агрофирма», «Родина» және «Зенченко и К» сүт өнімдерін өткізу бағасын бір мезгілде көтергендігі анықталды
© azattyq-ruhy.kz
Астана қаласы монополияға қарсы департаменті нарық субъектілерінің сүт өнімдерін сату кезінде келісілген әрекеттерінің фактілері анықталды. Бұл туралы департаменттің Facebook парақшасында жарияланды. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ, «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің хаты негізінде, Астана қаласының шекарасында сүт өнімдерін: сүт, айран, сүзбе, тұзсыз сары майды көтерме саудада өткізуге талдау жасалды. Зерттелген мәліметтерге сәйкес, нарық субъектілері «Агрофирма», «Родина» және КТ «Зенченко и К» ЖШС-нің 2020 жылдың наурыз айында және 2022 жылдың сәуір айында сүт өнімдерін өткізу бағасының бір мезгілде көтергендігі анықталды. Осылайша, Департамент «Агрофирма», «Родина» және «Зенченко и К» ЖШС-не (сүт, айран және сүзбе) қатысты Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабында көзделген бағаларды белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің белгілерін көрді. Аталған нарық субъектілерінде барлық сүт өнімдерін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы да бірдей екендігі анықталды. Аталған материалдар (субъектілердің тіркелуіне қарай) Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары бойынша аумақтық департаменттеріне сүт, айран және сүзбе бойынша хабарламалар шығару үшін жолданды. Аумақтық департаменттер субъектілерге орындалуы 30 күн мерзіммен (2023 жылғы 14-15 қаңтар) хабарламалар шығарды.
«Егер нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады. Сонымен қатар, талдау шеңберінде 10-нан астам көтерме нарық субъектілерінде ӘМАТ үшін 15% ең жоғары үстеме бағадан асырғаны анықталды. Шара қабылдау үшін материалдар Астана қаласының әкімдігіне жолданды», - делінген хабарламада.