Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін
591
оқылды
Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Матч қаңтар ортасына жоспарланған. Еске салайық, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында. Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды. Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.