Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге жуық қар жауды

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге жуық қар жауды

Алматыда 20 сантиметрге жуық қар жауды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді. 31 желтоқсанда сағат 21.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауып бастап, 1 қаңтар таңғы сағат 6-да аяқталған.Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, таңнан бері қар тазалау жұмыстарын  512 арнайы техника мен 1 280 жұмысшы жалғастыруда. Көктайғақтың алдын алу мақсатында 174 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Сағат 06.00-дегі жағдай бойынша 2 099 тонна материал пайдаланылыпты. Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары да жүргізілуде. Түнгі уақытта бұл жұмыстарға 462 арнайы техника мен 312 жұмысшы жұмылдырылды.