1 қаңтарда ауа райы қандай болады?
1 қаңтарда ауа райы қандай болады?
348
оқылды
“Қазгидромет” 1 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады. ҚР аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан басым аумақта қар жауады, батыста  жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанның басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады.