Ақтөбеде корпоративтік кештен кейін төбелескендер жазаланды
Ақтөбеде корпоративтік кештен кейін төбелескендер жазаланды
848
оқылды
Жаңажылдық корпоративтік кештен кейінгі төбелеске қатысушылар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мейрамхананың сыртқы бақылау камераларынан төбелестің басталғаны жазылған видео тәркіленді. Полиция қызметкерлері «Ұлытау» мейрамханасының жанынан төбелеске қатысқан 9 адамды анықтады, оның арасында әйелдер де бар. Оқиғаға қатысушылардың екеуіне ҚР ӘҚБтК 667-бабымен, төртеуіне 434-бабымен хаттама толтырылды. Полиция қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметті телефонға түсіріп, таратқан әйел мен такси жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабымен хаттама жасалды. Барлық материалдар заңды шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына жолданды.