«Qazaqstan» телеарнасы көрерменге Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмдер ұсынады

«Qazaqstan» телеарнасы көрерменге Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмдер ұсынады
«Qazaqstan» телеарнасы көрерменге Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмдер ұсынады

Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады. Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер – сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері. 5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі. 6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.