Алдағы 3 күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Алдағы 3 күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
© 24.kz
Синоптиктер Қазақстанда 5-7 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.
«Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті атлантикалық циклон айқындайтын болады, ол негізінен республиканың барлық аумағында жауын-шашын, қар түрінде болады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, еліміздің шығысында қалың қар жауады», делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15°С аяздан 15-25°С аязға дейін, күндіз 10-20°С аяздан 2-10°С аязға дейін ауытқиды.
  • батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10°С аяз, күндіз 5 жылы 5 аяздан 0-11°С аязға дейін төмендейді;
  • орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0-8°С аяздан 5-13°С аязға дейін төмендейді, күндіз 0-8°С аяз;
  • оңтүстікте ауа температурасының негізгі фоны күндіз 3-13°С жылы;
  • оңтүстік-шығыста 0-8°С жылы болады.