IBA рейтингінде бірінші орында
IBA рейтингінде бірінші орында
455
оқылды
Халықаралық бокс қауым­дастығы жылды қорытынды­лап, әлемдік рейтингті жа­ңарт­ты. Оған сәйкес Қазақ­стан IBA рейтингінде бірінші орынға шықты. Қайрат Сәтжанов баптайтын жігіттер еншісінде 48 100 ұпай бар. Екінші орынға Өзбекстан құра­масы жайғасты және қос команда арасындағы айырмашылық айтыр­лық­тай үлкен. Көрші елдің жігіт­тері 37 600 ұпай ғана жинады. Ал үздік үштікті Үндістан түйіндеп тұр. IBA рейтингіне бас-аяғы 135 елдің боксшылары енгізілген. Он­дағы ұпай құрлықтық және әлемдік чемпионаттардағы жетістіктермен есептеледі. Айта кетейік, Иорданияда өт­кен соңғы Азия чемпионатында жер­лестеріміз 3 алтын жеңіп алған болатын. Халықаралық бокс қа­уым­дастығы сайтында, әсіресе, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қон­ка­баев, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Сағын­дық Тоғамбай, Нұрлан Сапарбай және ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың есімі ерекше ата­лып өткен еді.