7 облыста жол жабық
7 облыста жол жабық
344
оқылды
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметінше, республикалық бағыттағы 32 жол жабық. Ұлттық оператор қазір ауа райының салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Республикалық бағыттағы жолдарда қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 50 арнайы техника жұмылдырылған. Күн бұзылғаннан бастап (3 қаңтар) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылған. Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жолдар жабық. Ауа райының бұзылуына байланысты,  әсіресе Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарындағы республикалық трассаларда жағдай күрделенген. Өткен тәуліктерде қар құрсауынан 200 көлік пен 346 адам шығарылды.