McDonald's Қазақстандағы жұмысын біржола тоқтатты
McDonald's Қазақстандағы жұмысын біржола тоқтатты
302
оқылды
McDonald's Қазақстандағы жұмысын түбегейлі тоқтатты, Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады.
Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald's брендімен жұмысын тоқтатты. Қазақстанда McDonald's баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания жұмысы қайта жандандырады және жылдам қызмет көрсететін мейрамхана жаңа атаумен ашылады. Бұл туралы ақпарат жақын уақытта жарияланады.
"Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады" делінген хабарламада.