Ыдыс жууға арналған заттар ішек жолдарына зиян

Ыдыс жууға арналған заттар ішек жолдарына зиян

Ыдыс жуатын машинаға арналған жуғыш заттар ең әуелі адамның ағзасына, яғни ішек жолдарына зиян. Ал егер жуғыш заттарды пайдала отырып ыдысты қолмен жусаңыз, уланып қалмас үшін артынан қайнаған суымен шайған жөн.  Бұл туралы Sibnet.ru сайты жариялады. Цюрих университетінің ғалымдары ішектің шағын көшірмесін жасап, оған әртүрлі жуғыш заттарды сынап көрген. Нәтижесінде, жуғыш заттарда жиі қолданылатын спирттік этоксилаттар генге де белгілі бір өзгеріс туғызатыны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, ыдыс жуғыш машинасында жуылған ыдыстар толығымен шайылып, тазаланбайды. Салдарынан химикаттың улы заттары ыдыста қалып қалады. Ал сол тәрелке мен қасықты ас ішкенде қолданады.  Сөйтіп, ыдыс-аяқтың бетінде қалған токсиндер тамақ арқылы асқазан мен ішек жолдарына түседі. Тіпті, санитар дәрігерлердің өздері асүй ыдыстарын, жалпы жуғыш заттарды пайдаланып жуған ыдыс-аяқты кем дегенде 45 градуста қайнаған ыстық сумен шаю керегін айтып отыр. Ыдыс жуғыш заттарды пайдалана отырып, ыдысты қолмен жусаңыз да, оны ыстық сумен шаю міндетті. Тұтынушылардың құқығын қорғаушы Елизавета Терешкова ыдыс жууға губка мен қырғыш заттарды пайдаланудың еш қажеті жоғын жеткізді. Оның айтуынша, олардың өзінде көптеген патогендік бактерия сақталып қалады. Оның үстіне, қырғыштың қалдықтары тамаққа түсіп кетуі де мүмкін.