Кен орнында 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, қаза тапты  
Кен орнында 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, қаза тапты  
Фото: taisoigan.kz
Оқиға Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында болды. 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, сол жерде қаза тапты. Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген. «Сырдария ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды» делінген ресми хабарламада. Осыған дейін Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында күмәнді схема көп екенін жазған болатынбыз.