Қазақстан теннис федерациясы араға жарты жыл салып спортшы Зарина Дияс тенниске қайта оралатынын мәлімдеді. Теннисші денсаулығына байланысты спорттан уақытша қол үзген болатын.
«Былтыр денсаулығым сыр беріп, үзіліс алуыма тура келді. Теннистегі рейтингім де төмендеп кетті. Қазір қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннисті, турнирлерді, жанкүйерлерді сағындым. Сәуір айында спортқа оралуды көздеп отырмын», – деген ойымен бөлісті З.Дияс.