Қызылордада жаппай төбелес болып, 18 адам ұсталды

Қызылордада жаппай төбелес болып, 18 адам ұсталды

Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 азамат жеткізілді, – деп хабарлайды Рolisia.kz сайты. Әлеуметтік желіге қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтары және жедел-тергеу тобы төбелесті тоқтатты. Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер болмады. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.