Қостанайда облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тез тамақтанатын McDonald’s мейрамханасы жанына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заң бұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған.
– "Қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды", – дейді Қостанай қаласының полиция басқармасындағылар.Сонымен қатар ұсталған кезде бұл азамат көлік құралын пайдалану ережелерін бұза отырып, автокөлікті басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.