Қостанай облысында жоғалып кеткен екі адам табылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен екі адам табылды
4,438
оқылды
Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар трактормен далада адасып кеткен екі тұрғынды тапты. 31 желтоқсан күні сағат 16.00 шамасында Қамысты ауданының Свободное кентінің екі тұрғыны осы ауданның Дружба кентіне трактормен бағыт алған. Олар жолды қысқартамыз деп шешім қабылдап, далалы жермен жүрген. Нәтижесінде, трактордың доңғалағы жарылған. «Бұл аумақта ұялы байланыс болмаған. Жоғалып кеткендердің туыстары жақындары байланысқа шықпаған соң дабыл қаққан. Осыдан кейін Қамысты полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Марат Аяпов пен Нұрболат Зарлыханов іздеуге шықты. Олар жоғалған адамдарды тауып, ТЖ қызметкерлерінің көмегімен далда қалғандарды эвакуациялады. Құтқару операциясы 2023 жылдың 1 қаңтарында сағат 11.00-де аяқталды», - деп жазды аймақтың полиция департаментінен.