Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауады, тұман түседі

Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауады, тұман түседі

Синоптиктер 2023 жылы 8 қаңтарда, жексенбіде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын жеткізді. Болжамға сәйкес, елімізде жаңбыр жауып, қар түседі, қатты суық болады, желдің екпіні күшейеді, көктайғақ, боран және тұман болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, кезекті атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райына әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

"Еліміздің солтүстік-батысында қар жауады деп күтіледі. ҚР-дың солтүстігінде, батысында ауа массасында суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді. Республикамыз бойынша жел екпіні күшейіп, көктайғақ, боран болады, елдің орталығында, оңтүстігінде тұман сақталады" делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР ІІМ еліміздегі қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу тастады. Жүргізушілерден қолайсыз ауа райы кезінде жолдардың жабылуына байланысты алыс сапарға шықпау, жол ережелерін сақтау, ауа райы туралы ескертулерді елеп-ескеру сұралады.