Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығына тұман түседі. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Абай облысында, Семей қаласында және ШҚО-да, Өскемен мен Риддер қаласында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.