Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
390
оқылды
7-8 қаңтарда Алматы тауларында Үлкен және Кіші Алматы өзендері алаптарында қарқынды жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі өте жоғары. Бұл туралы Zakon.kz-ға қалалық ТЖД хабарлады.
Департамент "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертулерін негізге ала отырып, Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупі жоғары екенін хабарлайды. Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды: – қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс. – егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз. – егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн, бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қаупі мүмкін екенін білдіреді. – үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін. – рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.