Ақтөбеде ондаған көпқабатты үй қыстың көзі қырауда жылусыз қалды
Ақтөбеде ондаған көпқабатты үй қыстың көзі қырауда жылусыз қалды
2,544
оқылды
7 қаңтар күні кешке Ақтөбедегі жиырмаға жуық көпқабатты үй жылусыз қалды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жылу өшкен кезде қаладағы ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендеді.
"Түні бойы бізге "апат болды, адамдар жұмыс істеп жатыр" деп айтылды. Таңертең олар жылытуды қосуға тырысты, бірақ нәтиже болмады, енді олар жылыту жүйесінен суды қайтадан төгіп тастады. Не болғанын түсіндіріңізші? Біздің қалада Екібастұз апаты қайталанып жатыр ма?" делінген Diapazon.kz материалында.
«Aqtobe su-energy group» АҚ ақпараты бойынша, Әбілқайыр хан даңғылы, 84 бойынша бекіткіш арматураның зақымдалуына және оны ауыстырудың шұғыл қажеттілігіне байланысты ыстық сумен жабдықтау мен жылу беру мына мекенжайларда уақытша шектелді:
Әбілқайыр хан даңғылы, 64, 66, 68, 70, 70/1, 72, 74, 76, 78, 80, 82, 84, М. Оспанов көшесі, 52, 52/2, 54А, 54Б, 54/1, 54/2, 57 Алдияров көшесі, 2,6 г. Жұбанова көшесі, 50.
"Кәсіпорын мамандары жылу камерасындағы жұмысқа кірісті. Олар аяқталғаннан кейін ыстық су мен жылу беру штаттық режимде қайта басталады" делінген ресми мәліметте.
Қалпына келтіру іс-шараларының барысы туралы ақпаратты тәулік бойғы апаттық-диспетчерлік қызметтен 54-19-19, 56-36-87 телефондары арқылы нақтылауға болады.