Ұлытау облысында 23 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды
Ұлытау облысында 23 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды
212
оқылды
23 жолаушысы бар автобус Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік күн райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмады. Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыларды Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахтовка) берілді. Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмады.