Астанадан шығатын жолдар ашылды. Бұл туралы 109 Ikomek қызметі хабарлады. Ауа райының тұрақталуына байланысты Астана қаласы мен Ақмол ауылын жалғайтын жол барлық автокөлік түрлеріне ашылды. Бүгін түнде «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығы ашылды. Бұл – Астана мен Теміртау арасындағы жол. Осы «Екатеринбург-Алматы» жолының 1003-1247 шақырымында, атап айтқанда, Астанадан Атбасар қаласына апаратын жолда дизельмен жүретін автобустардан басқа барлық автокөлік түрінің қозғалысына рұқсат. Бүгін таңғы сағат 04.20 кезінде ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырымында қозғалыс қайта жанданды. Бұл – Астана қаласы мен Павлодар облысы шекарасын қамтитын жол. Таңғы сағат 6.00 кезінде «Астана-Петропавл» жолының 18-291 шақырым аралығы, яғни Астанадан Көкшетауға дейінгі учаске ашылды. Ескерер жайт, тек дизельмен жүретін қоғамдық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынған.