9 облыста республикалық маңыздағы жолдардың бөліктері жабылды
9 облыста республикалық маңыздағы жолдардың бөліктері жабылды
218
оқылды
Еліміздің 9 облысындағы республикалық маңыздағы жолдардың бөліктері жабылды, - деп хабарлайды Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
«Сағат 22:30 ақпаратқа сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Тасжолдар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жабылды»,-делінген ұлттық оператордың хабарламасында.