Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысында шенеуніктен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекеме басшысы шағымданды. Ер адам оның «іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын» деп жеке кәсіпкер 50 миллион теңге бопсалағанын айтты. Фактіні жедел уәкілдер Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан Шымкент тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.