Маск, Гейтс және Безостың 2022 жылға жасаған болжамы орындалды
Маск, Гейтс және Безостың 2022 жылға жасаған болжамы орындалды
Технологиялық дәуірдің көшбасшы корпорацияларының жетекшілерінің 2022 жылға жасаған болжамдарының орындалуы осындай. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
1,842
оқылды
2021 жылдың соңында РБК агенттігі Илон Маск, Марк Цукерберг,  Билл Гейтстің 2022 жылға арналған болжамын жариялады. Осы болжамдардың қайсысы орындалғанын РБК Тренды материалына сүйеніп, Aikyn.kz ұсынады. Илон Масктің болжамдары Илон Маск 2021 жылы гуманоид робот жобасын таныстырып, оның прототипі 2022 жылы шығады деп уәде берді. Уәдесі орындалды. 2022 жылдың қазан айында Tesla AI күнінде Маск екі Optimus гуманоид роботын көрсетті.   [caption id="attachment_235256" align="aligncenter" width="1224"]Рисунок1 Бірінші прототип сахнаға сыртқы қабықсыз, бірақ өздігінен кірді. Роботқа Tesla-ның өздігінен жүретін көліктеріндегі сияқты камералар, сенсорлар және компьютер орнатылған. Фото Tesla сайтынан алынды[/caption] [caption id="attachment_235257" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 Екінші прототип Tesla-ның жаппай шығаратын роботтарына жақын. Ол литий-ионды батареялармен жабдықталған, толық заряд роботтың күні бойы жұмыс істеуіне жеткілікті. Фото Tesla сайтынан алынды[/caption] Бірінші прототип сахнаға сыртқы қабықсыз, бірақ өздігінен кірді. Масктың айтуынша, бұл Optimus-тың алғаш рет көмексіз жүруі. Роботқа Tesla-ның өздігінен жүретін көліктеріндегі сияқты камералар, сенсорлар және компьютер орнатылған.
Тұсаукесер барысында роботтың әртүрлі тапсырмаларды орындаған бейнеролигі де көрсетілді: қорапты алып кетті, гүлдерді суарды, металл бөліктің орнын ауыстырды.
Болашақта мұндай Optimus зауытта жұмыс істей алады және үйге көмектесе алады деп болжанып отыр. Ал екінші модель аудиторияға өз бетімен шыға алмады, оны көтеріп алып шықты. Бірақ ол қабықшада болды. Прототип Tesla жаппай шығаратын роботтардың моделіне жақын көрінеді. Сонымен қатар робот литий-ионды батареялармен жабдықталған, толық заряд роботтың күні бойы жұмыс істеуіне жеткілікті. Tesla Model Y нарығындағы көшбасшылық Маск Tesla-ның Model Y моделі 2022 жылы әлемдегі ең көп сатылатын электромобиль болады деп болжады. Нәтижесінде, 2022 жылдың алғашқы тоғыз айында Model Y АҚШ пен Еуропадағы ең көп сатылған электр көлігі болды. АҚШ-та 191,4 мың, Еуропада 83,6 мың көлік сатылды.   Марк Цукерберг болжамдары Марк Цукерберг 2021 жылы жаңа Project Cambria VR дулығаларын шығаруды жариялады, оны Meta 2022 жылы шығарды.
2022 жылдың маусымында Цукерберг VR дулығасын көрсетті, ал қазан айында гарнитура жаңа Meta Quest Pro атауымен сатыла бастады. Құрылғының құны – 1,5 мың доллар.
Meta Quest Pro-да жаңартылған процессор бар, ол алдыңғы Meta Quest 2 моделімен салыстырғанда құрылғының өнімділігін 50%-ға жақсартты. Сонымен қатар  жаңа экрандар түстерді қанық етіп, әсерін, көрнекілігін жақсартады. Гарнитураны пайдалану арқылы қолданушы Мета-ғаламдағы өзінің аватарын, мимикасын, қимылдарын және дауысын, сондай-ақ цифрлық элементтерді басқара алады. [caption id="attachment_235261" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 2022 жылдың маусымында Цукерберг VR дулығасын көрсетті. Қазан айында гарнитура жаңа Meta Quest Pro атауымен сатыла бастады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Гарвард университетінде институт ашу 2021 жылы Цукерберг Гарвард университетінде Табиғи және жасанды интеллектіні  зерттейтін Кемпнер институтын ашуға уәде берді. Институт 2022 жылы емес, 2021 жылдың желтоқсанында жұмысын бастады. Ғылыми ұйым бірнеше негізгі бағыт  бойынша жұмыс істейді: – табиғи интеллекті зерттеу; – институт студенттерге есептеу техникасы, жасанды интеллект жұмысы және машиналық оқыту, неврология және когнитивтік ғылым теориялары бойынша білім береді; – жасанды интеллект саласындағы теориялық жетістіктерді іс жүзінде қолдану; – мидың қалай жұмыс істейтінін зерттеу.   Тим Куктың болжамдары 2021 жылы Тим Кук Apple компаниясының криптовалюта транзакциялары үшін Apple Pay пайдалану мүмкіндігін қарастыратынын айтты. 2022 жылдың маусымында Crypto.com криптовалюта саудасы қосымшасының енді Apple Pay көмегімен транзакцияларды жылдам және қауіпсіз жасау мүмкіндігі бар екені белгілі болды. Ол үшін пайдаланушыға:
  1. Криптовалютаны таңдап, «сатып алу» түймесін басуы керек.
  2. «Қолма-қол ақша» бөлімінде Apple Pay қызметін таңдап, «сатып алу» түймесін қайтадан басу.
  3. 2,99% комиссиямен келісіп, «жалғастыру» түймесін басыңыз.
  4. «Растау» түймесін басып, Face ID немесе Touch ID көмегімен сатып алуды аяқтау.
[caption id="attachment_235263" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 2022 жылдың сәуірінде құрылғыларды өздігінен жөндеуге арналған Apple Self Service Repair бағдарламасы АҚШ-та, ал желтоқсанда Еуропада іске қосылды. Енді пайдаланушылар арнайы веб-сайттағы бейне оқу құралын көру арқылы құрылғыларын өздері жөндей алады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] iPhone-дағы медициналық жазбалар Apple басшысы компания қызметінің бір түрі денсаулық сақтау саласын дамыту екенін көптен айтып келеді. 2021 жылы Apple Health қолданбасы іске қосылды, ол қолданушының денсаулығы туралы әртүрлі деректерді сақтайды – жүрек соғу жиілігі, белсенділік деңгейі, ұйқы сапасы және тағы басқа мәліметтер. 2022 жылы қосымшада Медициналық карта бөлімі пайда болды. Бұл төтенше жағдай қызметкерлеріне қолданушының аллергия және созылмалы аурулар сияқты құпия медициналық деректеріне құпия сөзді енгізбестен, құлыпталған экраннан бірден қол жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылғыны өз қолыңызбен жөндеу 2021 жылы Apple құрылғыларды өздігінен жөндеуге арналған Apple Self Service Repair бағдарламасын жариялады. 2022 жылдың сәуірінде ол АҚШ-та, ал желтоқсанда Еуропада іске қосылды.
Енді пайдаланушылар арнайы веб-сайттағы бейне оқу құралын көру арқылы құрылғыларын өздері жөндей алады. Бағдарлама аясында iPhone 12, iPhone 13 және Mac ноутбуктерін жөндеуге болады.
Жөндеу үшін 200-ден астам бөлшектер Apple компаниясының мамандандырылған жөндеу орталықтарына ұқсас бағамен қол жетімді. Сонымен бірге  бөлшектерді 49 долларға жалға алуға болады Билл Гейтс болжамдары 2022 жылы Гейтс Мета-ғаламның дамуын болжады. 2022 жылы Microsoft Mesh жүйесі мен Meta VR шлемдерін Microsoft Teams қызметімен біріктіру үшін Meta компаниясымен ынтымақтастық орнатқанын жариялады. Mesh – бөлмедегі барлық қолданушылар үшін интернетке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін Wi-Fi жүйесі.
Mesh-тің көмегімен MS Teams қолданушылары өз әріптестерімен кез келген құрылғыдан виртуалды кездесе алатындай тұрақты желі қамтамасыз етіледі, ал VR гарнитуралары қатысу елесін жасайды және Мета-ғаламда «бетпе-бет сөйлесуге» мүмкіндік береді.
[caption id="attachment_235264" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 Mesh кез келген құрылғыдан виртуалды кездесе алатындай тұрақты желіні қамтамасыз етеді. VR гарнитуралары нақты қатысу елесін жасайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Джефф Безос болжамдары 2021 жылдың шілдесінде Джефф Безос ағасы Марк, ФАА-ның тұңғыш әйел инспекторы Уолли Фанк және 18 жастағы америкалық Оливер Дейменмен бірге ғарышқа ұшты.
Безос 2022 жылы Blue Origin компаниясы туристерді тұрақты түрде ғарышқа жіберетінін айтты.
2022 жылы коммерциялық рейстер үш рет орындалды: 31 наурызда, 4 маусымда және 4 тамызда. Барлығы алты турист New Shepard кемесінде ғарышқа көтерілді, олардың сапары 10-11 минутқа созылды. [caption id="attachment_235265" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок6 2022 жылы коммерциялық рейстер үш рет орындалды. Барлығы алты турист New Shepard кемесінде ғарышқа көтерілді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Міне, қазіргі технологиялық дәуірде көшбасшы саналатын корпорация  жетекшілерінің орындалған болжамы осы. Алдағы жылдарда әлем жұртшылығы олардың технологияны  адамға жақындату, ілгері жылжыту бойынша көптеген жаңалығына куә болады деп ойлаймыз.