Ауа райының қолайсыздығынан 122 жол учаскесі жабылды
Ауа райының қолайсыздығынан 122 жол учаскесі жабылды
Фото: news.myseldon.com
579
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің таңғы сағат 06.00-дегі мәліметінше, бүгін Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылды. Оның ішінде, 42 жолда дизельмен жүретін жүк көлігі мен автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр. Бір тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады. Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде, 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).