Бірнеше жолда ауа райы қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді
Бірнеше жолда ауа райы қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді
569
оқылды
Тасжолдардың 23 учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді.
"Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар көп түсуіне, боран соғуына, жол көрінбеуіне байланысты республикалық тасжолдар жабылды", – деді компания өкілі.
Ақмола облысында жеті учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Жетісу облысында екі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді: "Алматы-Өскемен" 557-615 шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы. Жүк және қоғамдық көлік үшін мына жолда шектеу енгізілген: 5 қаңтар сағат 06.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" 45-68 шақырым, (Алтын Емел).