Маңғыстау облысында полиция бөлімінің бастығы ұсталды
Маңғыстау облысында полиция бөлімінің бастығы ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін полиция бөлімінің бастығы ұсталды.
«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады»,  делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.