"30 градус аяз болады": 6 өңірде ескерту жарияланды
"30 градус аяз болады": 6 өңірде ескерту жарияланды
© 24.kz
427
оқылды
«Қазгидромет» 12 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз болады. Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болжанады. Шымкентте түнде 25 градус қатты аяз күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 19-24 градус аяз сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, екпіні 23-28, түнде кей уақытта 30 м/с және одан жоғары.