Онлайн байқаудың берері бар ма?­
Онлайн байқаудың берері бар ма?­
420
оқылды
Пайда табам деген адамға мүм­кін­дік көп. Тек ақылыңды кәдеге жа­рата алсаң болғаны. Соған сай «қиын­­­нан қиыстыра» білетіндер қа­зір түрлі пәндерден он­лайн олим­­пиада өткізіп жүр. Қатысу – ақылы. Жүл­дегерді анықтау жүйесі де қызық.   

Онлайн олимпиада әсері

Олимпиада – салмағы ауыр сын. Қай жағынан алып қарасаңыз да, мәртебесі биік. Спортшылар бұл күнді 4 жыл күтеді. Жолдама алу үшін тер төгеді. Басқа жарыс олимпиаданың баспалдағы санатына кіреді. Сол сияқты пәндік олимпиаданың да мысы басым-ды. Оқу озаттары қатысу үшін барын салатын. Мектепішілік кезеңінен өтіп, ау­дандық сайысқа барудың өзі жетістік-ті. Әрі әр сыныптан ауданға бір оқушы баратын. Одан өтті дегеннің өзі білім биігін бағындырумен тең-ді. Ары қарай облыста мектеп намысын қорғайтынын білген оқушы етек-жеңін жинап «жүретін». Ал қазір ше? Бүгінде өзгеріс көп. Олимпиада ұйым­дастыруға әркімнің қауқары бар. Содан ба онлайн олимпиада өткізу жиілеп кетті. Әр сайтта бағасы әртүрлі. Мәселен, edulife.kz сайтында пәндік олимпиада жарнасы – 300 теңге. Оқушылар 22 сабақтан білімін «сы­нап» көруіне болады. Қызығы, көркем еңбек пен өзін-өзі танудан олимпиада тап­сырмасы бар. Ол аз десеңіз, АӘД-ден шамаңызды бай­қап көре аласыз. «Жаңаны тану керек» дегендей, сайтта көрсетілген нөмірге қоңы­рау шалдық. Өзін Айбек Қуандықұлы деп таныстырған азамат олим­пиаданың бүге-шігесін түсіндірді.  Онлайн олимпиаданың жүлдегері көп дегенді естігенбіз, дұрыс-бұрысын сұрап көрдік. Жеңімпаз ұпай саны бойынша анықталады-мыс. Сұрақтардың 70-80%-ына дұрыс жауап бергенге 3-орын, 80-90%-ын дәл тапқанға 2-орын және 90-100% көрсеткішке жеткендер 1-орын алады. Ал сұрақтары қандай дерсіз?
Оффлайн олимпиададан айыр­ма­шылығы бар. Тапсырма тест, сәй­кес­тен­діру мен сұрақ-жауап түрінде бе­рі­леді. Оқушы бір пәнді 60 минут ішін­де белгілейді. Оған қоса сұрақты кім дайындайтынын да сұрадық. Жоғары санаты бар мұ­ғалімдер деп жауап берді. Оқу­шыдан бөлек, мұ­ғалім қатысатын олимпиадасы тағы бар. Мұның тап­сырмасын кім құрас­ты­ратынын білгіміз келді. «Тәжіри­белі мұға­лімдер бар ғой» деді де қойды. Ең керекті сауалды соңына қалдыр­дық. Аталған сайт берген диплом мен сер­ти­фикат кәдеге жарай ма? Аттеста­цияға үлесі ше? Алған жауабымыз таңдандырды. Кәдеге жарайтын тұсы барын айтты.
Мұндай олимпиададан аз қар­жы жиналмасы анық. Соған қарай сый­лық пен диплом жайы бар. Байқаудың ноутбук, смартфон мен тағы басқа сый­лығы дайын екен. Бұл – бір ғана мысал. Ал ақшасын төлеп, сыйлық емес құр қағаз алатын қаншама ин­тернет олим­пиада бар. Онлайн дода көшін ал­­­ғашқылардың бірі болып бас­­таған – ҚИО. Қазақстандық ин­тер­нет олимпиаданың өз ауди­то­рия­сы бар. Ақшасын бересің, қа­тысасың, жеңіске жетсең, поштаңа диплом жі­­береді. Мәз болып шы­ғарып ала­сың. Оны мектепте арнайы жиын өткі­зіп табыстайды. Елордадан бәйге алға­­ның – мақ­таныш. Ал түбін­де пайда­сы ша­малы. Құны – 350 тг. Жеңімпаз­дар санынан көз сүрінеді. Мәселен, 1-орыннан – 6-ау, 2-орын­нан – 9, 3-орынды 13 оқушы алуы мүмкін. Сондай олимпиада ұйымдасты­ратынның бірі – tarim.kz. Мысалы, бұл сайтта олимпиаданың 515 түрі бар. Бәрі мұғалім, оқушы мен сту­дентке арналған. Қатысу жарна­сы – 400 тг. 70 балдан асқандар же­ңімпаз атанып, дипломға ие бо­лады. Қалған­дарына сертификат пен алғысхат бе­р­іледі. Ең қызығы, мына жазбаға на­зар ауда­ры­ңыз. «Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тап­сырыс ішінде) даярлаған педагог­терге қоғам төра­ғасының атынан ал­ғыс­хат беріледі». Төрағадан алғыс алу­­ға ұмтылатын ұстазды көзге елес­те­тіңіз енді. Қазақстанның әр өңі­рін­де осы үшін оқушысын олим­пиадаға қатыс­тырып, өзі атынан белгілеп жүр­ген мұғалім бар шығар, кім білсін?  

Бағалы байқаудың бағасы

Мұндай мысалды тізе берсең, өте көп. Олимпиаданы былай қой­ғанда, онлайн байқаудың да басы қылтияды. Байқаудың бағасы да олимпиадаға қарағанда жоғары. Соған сай сыйлы­ғы да қомақты дейді. Мәселен, жоға­рыда атаған edulife.kz «Абай оқула­рын» ұйым­дастырып жатыр. Қатысу жарна­сы – 800 тг. Абайдың бір өлеңін мәнер­леп оқып, WhatsApp-қа жі­бер­сеңіз, жетіп жатыр. Жеңімпаз­дарға ноутбук, смартфон мен смартсағат бе­ріледі. Ұйым­дас­ты­рушы Айбек Қуан­дықұ­лының айтуынша, әділқазы алқасында мұғалімдер мен ақындар бар екен. Қай ақын деп сұрағаны­мызда, нақты түрін түстей алмайты­нын айтты. Айта кетерлігі, жоғарыдағыға ұқсас байқаудың жүлдегеріне «сан жетпейді». Мәселен, yntymaq_online Instagram парақшасында да «Абай оқулары» өткен. Қысқаша айтқанда, 3 мың теңге төлейсіз де, жүлдегер атанасыз. Өйткені бай­қауда 36 қаты­су­шыға бас жүлде, 1-орын – 38, 2-орын – 32, 28 оқу­шыға 3-орын берілген. Instagram парақшасында өздерін телеви­зиялық жобамыз деп көрсеткен олар ай сайын онлайн бай­қау ұйымдастырады. Әр оқушыдан 3 мың теңге алғанда қаншалықты табыс түсетінін ойлап көріңіз. Тоқ­тауы жоқ бұл не деген бат­пан­құйрық? Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, лоторея, марафон мен байқаудан көз сүрінеді. Бірі көлігін ойнатып, бриллиант таратып жат­са, ендігісі қалай өмір сүру керегін үй­ретеді. Сан түрлі байқаудан аяқ алып жүре алмайсыз. Жеңілетін де, ұтатын да – халық. Бармағын шайнайтын да – солар. Ал бұған оқушыны аралас­тыру, олимпиада атын жамылу қан­шалықты дұрыс? Білім және ғылым министрлігінен сертификат алғандар ғана білімге қатысты байқау ұйымдас­тырса ше? Тесті құрасты­ратын, тексеретін, жүлде бөлетін­дерден білім бас­қармасының хабары болса құба-құп емес пе? Немесе онлайн олим­пиада өткізеді екен, онда тегін ұйым­дастырсын. Мәселен, foxford.ru 44 елдің арасында тегін олим­пиада өткізеді. Мұнда да диплом мен бағалы сыйлық беріледі. Әрі ағылшын тілінен өзіңді жақсы көр­сете білсең, Маль­тадағы тіл курсына қатысуың мүмкін.
«Баланы – жастан» деген бар. Бі­лімді де, білімге қатыстыны да түбі­нен зерттеген абзал. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген емес, саналы ұрпақ тәрбиелей­тін­нің ісі алға бас­сын. Жарна үшін олимпиада, байқау ұйымдас­тыра­тындарға тежеу салынса дейміз. Үздік­тер ғана бақ сынайтын пәндік олим­пиада онлайн олимпиа­даның таса­сында қалмасын деген тілек бар. Оффлайн олимпиададан айыр­ма­шылығы бар. Тапсырма тест, сәй­кес­тен­діру мен сұрақ-жауап түрінде бе­рі­леді. Оқушы бір пәнді 60 минут ішін­де белгілейді. Оған қоса сұрақты кім дайындайтынын да сұрадық. Жоғары санаты бар мұ­ғалімдер деп жауап берді. Оқу­шыдан бөлек, мұ­ғалім қатысатын олимпиадасы тағы бар. Мұның тап­сырмасын кім құрас­ты­ратынын білгіміз келді. «Тәжіри­белі мұға­лімдер бар ғой» деді де қойды. Ең керекті сауалды соңына қалдыр­дық. Аталған сайт берген диплом мен сер­ти­фикат кәдеге жарай ма? Аттеста­цияға үлесі ше? Алған жауабымыз таңдандырды. Кәдеге жарайтын тұсы барын айтты.
Мұндай олимпиададан аз қар­жы жиналмасы анық. Соған қарай сый­лық пен диплом жайы бар. Байқаудың ноутбук, смартфон мен тағы басқа сый­лығы дайын екен. Бұл – бір ғана мысал. Ал ақшасын төлеп, сыйлық емес құр қағаз алатын қаншама ин­тернет олим­пиада бар. Онлайн дода көшін ал­­­ғашқылардың бірі болып бас­­таған – ҚИО. Қазақстандық ин­тер­нет олимпиаданың өз ауди­то­рия­сы бар. Ақшасын бересің, қа­тысасың, жеңіске жетсең, поштаңа диплом жі­­береді. Мәз болып шы­ғарып ала­сың. Оны мектепте арнайы жиын өткі­зіп табыстайды. Елордадан бәйге алға­­ның – мақ­таныш. Ал түбін­де пайда­сы ша­малы. Құны – 350 тг. Жеңімпаз­дар санынан көз сүрінеді. Мәселен, 1-орыннан – 6-ау, 2-орын­нан – 9, 3-орынды 13 оқушы алуы мүмкін. Сондай олимпиада ұйымдасты­ратынның бірі – tarim.kz. Мысалы, бұл сайтта олимпиаданың 515 түрі бар. Бәрі мұғалім, оқушы мен сту­дентке арналған. Қатысу жарна­сы – 400 тг. 70 балдан асқандар же­ңімпаз атанып, дипломға ие бо­лады. Қалған­дарына сертификат пен алғысхат бе­р­іледі. Ең қызығы, мына жазбаға на­зар ауда­ры­ңыз. «Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тап­сырыс ішінде) даярлаған педагог­терге қоғам төра­ғасының атынан ал­ғыс­хат беріледі». Төрағадан алғыс алу­­ға ұмтылатын ұстазды көзге елес­те­тіңіз енді. Қазақстанның әр өңі­рін­де осы үшін оқушысын олим­пиадаға қатыс­тырып, өзі атынан белгілеп жүр­ген мұғалім бар шығар, кім білсін?  

Бағалы байқаудың бағасы

Мұндай мысалды тізе берсең, өте көп. Олимпиаданы былай қой­ғанда, онлайн байқаудың да басы қылтияды. Байқаудың бағасы да олимпиадаға қарағанда жоғары. Соған сай сыйлы­ғы да қомақты дейді. Мәселен, жоға­рыда атаған edulife.kz «Абай оқула­рын» ұйым­дастырып жатыр. Қатысу жарна­сы – 800 тг. Абайдың бір өлеңін мәнер­леп оқып, WhatsApp-қа жі­бер­сеңіз, жетіп жатыр. Жеңімпаз­дарға ноутбук, смартфон мен смартсағат бе­ріледі. Ұйым­дас­ты­рушы Айбек Қуан­дықұ­лының айтуынша, әділқазы алқасында мұғалімдер мен ақындар бар екен. Қай ақын деп сұрағаны­мызда, нақты түрін түстей алмайты­нын айтты. Айта кетерлігі, жоғарыдағыға ұқсас байқаудың жүлдегеріне «сан жетпейді». Мәселен, yntymaq_online Instagram парақшасында да «Абай оқулары» өткен. Қысқаша айтқанда, 3 мың теңге төлейсіз де, жүлдегер атанасыз. Өйткені бай­қауда 36 қаты­су­шыға бас жүлде, 1-орын – 38, 2-орын – 32, 28 оқу­шыға 3-орын берілген. Instagram парақшасында өздерін телеви­зиялық жобамыз деп көрсеткен олар ай сайын онлайн бай­қау ұйымдастырады. Әр оқушыдан 3 мың теңге алғанда қаншалықты табыс түсетінін ойлап көріңіз. Тоқ­тауы жоқ бұл не деген бат­пан­құйрық?
Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, лоторея, марафон мен байқаудан көз сүрінеді. Бірі көлігін ойнатып, бриллиант таратып жат­са, ендігісі қалай өмір сүру керегін үй­ретеді. Сан түрлі байқаудан аяқ алып жүре алмайсыз. Жеңілетін де, ұтатын да – халық. Бармағын шайнайтын да – солар. Ал бұған оқушыны аралас­тыру, олимпиада атын жамылу қан­шалықты дұрыс? Білім және ғылым министрлігінен сертификат алғандар ғана білімге қатысты байқау ұйымдас­тырса ше? Тесті құрасты­ратын, тексеретін, жүлде бөлетін­дерден білім бас­қармасының хабары болса құба-құп емес пе? Немесе онлайн олим­пиада өткізеді екен, онда тегін ұйым­дастырсын. Мәселен, foxford.ru 44 елдің арасында тегін олим­пиада өткізеді. Мұнда да диплом мен бағалы сыйлық беріледі. Әрі ағылшын тілінен өзіңді жақсы көр­сете білсең, Маль­тадағы тіл курсына қатысуың мүмкін.
«Баланы – жастан» деген бар. Бі­лімді де, білімге қатыстыны да түбі­нен зерттеген абзал. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген емес, саналы ұрпақ тәрбиелей­тін­нің ісі алға бас­сын. Жарна үшін олимпиада, байқау ұйымдас­тыра­тындарға тежеу салынса дейміз. Үздік­тер ғана бақ сынайтын пәндік олим­пиада онлайн олимпиа­даның таса­сында қалмасын деген тілек бар.   Айбике ЖАНАСЫЛ