Шымкент жастарын тыңдады
Шымкент жастарын тыңдады
169
оқылды
Jas Otan Жастар қана­тының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Шымкент қа­ласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында қа­ла жастарымен, жер­гі­лікті орган басшылығы­мен, оқу орындарының рек­торларымен кезде­сіп, қала жастары тұра­тын жатақханаларды ара­лады. Сапар барысында Шымкент қаласындағы «Айна» базарында болып, Kenes ortalygy жұмы­сы­мен танысты. Базарда кәсіпкер­лікпен айналысатын жастардың мұң-мұқтажын тыңдады. Мұнда саудагер жастарда қандай мәселе бар, олардың жұмысына не ке­дергі, жалпы тауар бағаларының қымбаттау себебі неде деген мә­се­лелерге тоқталды. Жас кә­сіп­кер Дінмұхамедтің айтуынша, ет бағасының қымбаттауына бір­ден-бір себеп: жылқы, сиырға бе­ретін жем-шөптің бағасы бір­неше есеге қымбаттап кеткен. Ал Елнұр Бейсенбаев жұмысшы­лармен тілдесу барысында мем­лекеттің, Nur Otan партиясының, Jas Otan ЖҚ жүзеге асыратын бағдарламалары бойынша оларға ақпараттық-түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Одан соң Елнұр Бейсенбаев үшінші мегаполис жастарымен бейресми басқосты. Жиында жас­­тарға қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарла­малар түсіндіріліп, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағ­дар­ламасына ұсыныстар жинал­ды. Жастар Jas Otan төрағасына жатақхана, қолжетімді интернет, жоғары оқу орындарындағы өзекті мәселелер бойынша сұ­рақтар қойды. Өз кезегінде Ел­нұр Бейсенбаев айтылған проб­лемаларды тиісті министрлік­терге жеткізіп, оң шешілуіне жұ­мыс істейтінін жеткізді. Ол «Белсенділермен әртүрлі тақы­рыптарға әңгімелестім, соның ішінде жастар қанатының жұ­мысы мен еріктілердің бір жыл­дық жоспары талқыланды. Қатысушы жастар Jas Otan ЖҚ бағдарламалық құжаттарында міндетті түрде ескерілетін, мар­дымды пікірлер мен жақсы ұсы­ныстар енгізді» деп атап өтті. Jas Otan ЖҚ көшбасшысы ертесіне ОҚМПИ ректорымен кездесіп, университет қабыр­ға­сындағы Jas Otan ЖҚ филиал жұ­мысымен танысты. Сондай-ақ, студенттер жатақханасын аралады. Осынау сапар барысында қа­лалық мәслихаттың жас де­путаттарымен, жастар ұйым­да­рының көшбасшыларымен де кездесті. Естеріңізге сала кетейік, Jas Otan ЖҚ жетекшісі бұған дейін Павлодар, Атырау об­лыстарына, Нұр-Сұлтан қала­сына барып, аталған өңірлерде жастармен кездесіп, жатақ­ха­наларына мо­ниториг жүр­гізген болатын.   Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы