Роналду өзбекше сөйледі
Роналду өзбекше сөйледі
621
оқылды
«Әл-Наср» шабуылшысы Криш­тиану Роналду әлеу­мет­тік желіде өзбекше аман­дас­ты. Ол командаласы Жало­лид­дин Машариповпен бірге өз­бекстандық жанкүйерлерге сә­лем жолдады. Амандасу сәтін Жалолиддин Машарипов instagram парақ­ша­сында жариялаған. Футболшылар өзбек тілінде «Салам алейкум» деп амандасқан. Оған қоса Роналду «Әл-Насрға» ауыс­қан соң Машарипов өзі ой­най­тын жетінші нөмірлі жейдені пор­ту­гал ойыншысына берді. Мұндай әре­кетінен соң желідегі жазылу­шы­лар саны күрт өсіп, танымал болып шы­ға келді.