Алматы облысында 7-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысында 7-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысы Әйтей ауылында 7-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook парақшасына жазба жариялады. Онда оқушы қыздың асылып қалғаны айтылған.

“Мектеп психологтері  Білім министрлігінің бөлімінде жұмыс істемеуі керек деп бірнеше рет жазғанбыз! Олар мектеп ұжымының бір бөлігі болғандықтан,  оқушылар оларға сенбейді. Осылайша, өзіміз балаларымызды қорғай алмай отырмыз. Тіпті, 1-сынып оқушыларының өзі мектеп психологіне сенім артпайды”,– деп жазды Дина Таңсәрі.
Оқиғаға байланысты құзырлы органдар пікір білдірді.
“2023 жылғы 12 қаңтарда Қарасай аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан кәмелетке толмаған 14 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды. Осы жылдың 6 қаңтарында кәмелетке толмаған жігіт те өз үйінде асылып қалған. Екі факті де Қарасай ауданы бойынша тіркелді. ҚР  Қылмыстық кодексi негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.   Қылмыстық-процестік кодекс бойынша басқа ақпарат жария етуге жатпайды”,–  делінген хабарламада.