Бірнеше өңірде қатты аяз күтіледі
Бірнеше өңірде қатты аяз күтіледі
1,574
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше, еліміздің басым бөлігіне әлі де жауын-шашынсыз ауа райына ықпал ететін антициклон әсер етеді.
"Республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Республикамыздың оңтүстігінде тұман тіркеледі", – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде,  таулы аудандарында сынап бағаны 31-36 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарында да сынап бағаны 30-32 градусқа дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді.