Шу стансасында жолаушыдан аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленді
Шу стансасында жолаушыдан аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленді
405
оқылды
 Көліктегі полиция қызметкерлері Шу стансасында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды polisia.kz Telegram каналы. Есірткіні Шу стансасындағы вокзал перронында қызметтік ит тапқан. Алматы облысы тұрғынының сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» табылып, тәркіленді. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев. Күдіктінің Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оны Алматы қаласына теміржол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды. «Ол полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр», –  деді Б.Малыбаев.