Алматыда оқушылар мен студенттер ертең қалай оқиды?
Алматыда оқушылар мен студенттер ертең қалай оқиды?
470
оқылды
Алматының мектеп оқушылары мен колледж студенттері дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
«2023 жылғы 16 қаңтарда 0,1-11 (12)-сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері дәстүрлі оқу форматына көшеді», - деп хабарлады қалалық Білім басқармасынан.
Синоптиктердің болжауынша, 16 қаңтарда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы – түнде 17-19, күндіз 7-9 аяз.