Шайдоров үздік бестікке енді
Шайдоров үздік бестікке енді
383
оқылды
Ел құрамасы дүние­жүзі­лік қысқы Универсиада ойын­дарында мәнерлеп сырғанаудан жарысты жүл­де­сіз аяқтады. Михаил Шай­доров үздік бестікке енді. 16 қаңтар күні Михаил Шай­доров пен Диас Жиренбаев мәнер­леп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсетті. Шайдоров қос бағдарлама қорытындысында 231,08 ұпай еншілеп, төртінші орынға табан тіреді. Ал төреші­лерден 196,41 ұпай алған Диас Жиренбаев он бірінші орынға жайғасты. Ерлер арасында жапон Стао Ямамото (274,86 ұпай) Универ­сиада чемпионы атанса, отан­дасы Тацуи Цубоя (243,82 ұпай) күміс иеленді. Ал италиялық Ни­ко­лай Мемола (231,33 ұпай) қола жүлдегер атанды.

Айбике ЖАНАСЫЛ