«Барселона» клубы Испанияның суперкубогын жеңіп алды.
Ақтық сында «Барселона» Мадридтің «Реал» командасын 3:1 есебімен ұтты. Бұл – бапкер Хавидің каталон клубын тізгіндегеннен кейінгі алғашқы жетістігі.
Ойынға келсек, Хави шәкірттері 33-минутта есеп ашып, 45-минутта Роберт Левандовский есепті еселеді.
Екінші кезеңде жартылай қорғаушы Педри есепті 3:0-ге жеткізді. Матч аяқталар тұста Кәрім Бензема мадридтіктерге жұбаныш голын соқты.
Осылайша, «Барселона» Испания суперкубогын 14 рет ұтып алып, рекорд жаңартты. Ал «Реалдың» еншісінде 12 суперкубок бар.