АҚШ-та қазақстандық тағы бір спортшы алтын медаль жеңіп алды
АҚШ-та қазақстандық тағы бір спортшы алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
1,024
оқылды
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада тағы бір спортшымыз жеңіске жетті.   Шаңғымен тұғырдан секірудің шебері қазақстандық Данил Васильев алтын медаль иеленді.   Inform.kz-тің жазуынша, Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті. Екі тәсілдің қосындысында қазақстандық аустриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті. Айта кетейік, жарысқа қатысқан  спортшыларымыз Сергей Ткаченко – 7 (220,9), Никита Девяткин – 9 (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы 21 (144,5)-орында тұр. Васильевтің жүлдесі – Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль. Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес алтын медаль алған болатын.