Шекарада орналасқан ауылдарды дамытудың Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында шекарадағы ауылдарға көңіл бөледі. Шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың жалпы саны – 1,3 мың, ол жерде 1,7 миллион адам тұрады. Бұған дейін Шекарадағы ауылдың шаруасы шатқаяқтап тұрғанын жазған болатынбыз.