Қордайдағы қақтығыс: 120 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр
Қордайдағы қақтығыс: 120 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
307
оқылды
Қордайдағы оқиғадан кейін 120 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ­– деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов: «Қордай оқиғасы бойынша қазіргі уақытта 120 қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоаралық жедел тергеу тобын Бас прокуратура басқарады.  Өкінішке қарай, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу амалдары жайлы ақпаратты, сонымен қатар қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қаншасының қамауға алынғанын жариялай алмаймыз», – деді.
Дегенмен ол Қордайдағы қақтығыс бойынша қамауға алынғандар барын жеткізді. «Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бабы бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған», – деді ол.