Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген жігіт 14 жылға сотталды
Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген жігіт 14 жылға сотталды
Фото:
306
оқылды
Қарағандыда такси жүргізушісін өлтіру фактісі бойынша ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сотталушыға тағылған айыптың ең ауыр 2 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар  жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан 10 млн теңге моральдық залал өндірілді», деп хабарлайды Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өткен жылдың 27 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілді. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жүргізушіге жолақысына келіспеушілік барысында пышақ жарақатын салғанын мойындаған. Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшамауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен.